Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 361 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «Test & Safety» ЖШС сынақ зертханасы;
2) Павлодар облысы, Екібастұз қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша филиалы Екібастұз қалалық бөлімшесінің сынақ зертханасы;
3) Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша филиалы Меңдіқара аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы;
4) Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша филиалы Қордай аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы;
5) Алматы қ., «Ala-test» ЖШС сынақ зертханасы;
6) Ақтөбе облысы, Шалқар қ., «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің» Шалқар сигнализация және байланыс қашықтығының салыстырып тексеру зертханасы;
7) Ақмола облысы, Көкшетау қ., «Кокшетау Энерго» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
1) Алматы қ., «КазЮжстройсертиф» ЖШС сынақ зертханасының 2021 жылғы 03 қарашадағы № KZ.T.02.E0653 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «Инспекция пробирного надзора» ЖШС сынақ және мобильді зертханасының 2023 жылғы 28 шілдедегі № KZ.T.02.2558 аккредиттеу аттестаты;
3) Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық аурухана» КМК орталықтандырылған медициналық зертханасының 2022 жылғы 19 қаңтардағы № KZ.M.10.Е0762 аккредиттеу аттестаты.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Ақтау қ., «Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі» (КАПЭ) ЖШС Химиялық-аналитикалық орталығы сынақ зертханасының 2023 жылғы 28 шілдедегі № KZ.T.13.1407 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. Аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
1) Қостанай облысы, Лисаковск қ., «Шек 2006» ЖШС сынақ зертханасының 2022 жылғы 22 маусымдағы № KZ.T.11.E1117 аккредиттеу аттестаты орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты: Қостанай облысы, Лисаковск қ., 1а шағын ауданы, 65 үй мекенжайынан: Қостанай облысы, Лисаковск қ., 4 шағын ауданы, 41 үй мекенжайына;
2) Алматы қ., «Altezza» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2023 жылғы 17 қарашадағы № KZ.P.02.2120 аккредиттеу аттестаты орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты: Алматы қ., Алмалы ауданы, Амангелді көшесі, 55 үй, 47 кеңсе мекенжайынан: Алматы қ., Түрксіб ауданы, Александров көшесі 11/1 мекенжайына;
3) Алматы қ., «Certauto» ЖШС сынақ зертханасының 2023 жылғы 10 қазандағы № KZ.T.02.2589 аккредиттеу аттестаты орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты: Алматы қ., Алатау ауданы, Саялы шағын ауданы, 29 үй мекенжайынан: Алматы қ., Алатау ауданы, Айгерім-1 шағын ауданы, Набережная көшесі, 63г; Алматы қ., Алатау ауданы, Айгерім-1 шағын ауданы, Ырысты көшесі, 15А (автомобиль таразыларының орналасқан жері) мекенжайына;
5. Аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
1) 2021 жылғы 21 қазандағы № KZ.T.05.E0666, аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты: «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ филиалы Жаңажол мұнай өңдеу кешенінің химиялық-аналитикалық зертханасынан» «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ филиалы – Мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі ғылыми-зерттеу институты Химиялық-аналитикалық орталығының Химиялық-аналитикалық зертхана-1» атауына, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол кен орны;
2) 2021 жылғы 09 ақпандағы № KZ.T.05.1071, аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты: «Акционерлік қоғамы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» филиалы – «Октябрьскнефть» мұнай-газ өндіру басқармасының қоршаған ортаны бақылау зертханасынан» «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ филиалы – Мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі ғылыми-зерттеу институты химиялық-аналитикалық орталығының қоршаған ортаны бақылау зертханасы» атауына, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол вахталық кенті.
6. Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық аурухана» КМК Орталықтандырылған медициналық зертханасының 2022 жылғы 19 қаңтардағы № KZ.M.10.E0762 аккредиттеу аттестаты «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» СТ РК ISO 15189-2023 стандартына көшуге байланысты қайта рәсімделсін.
7. ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізімінің ұлттық бөлігіне енгізілсін:
1) Ақтөбе қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының инспекциялық органы, 2024 жылғы 22 қаңтардағы № KZ.I.05.2634 аккредиттеу аттестаты;
2) Астана қ., Астана қаласындағы «Medi TEC-NS» ЖШС филиалының сынақ зертханасы, 2023 жылғы 08 желтоқсандағы № KZ.T.01.2612 аккредиттеу аттестаты;
3) Шымкент қ., Шымкент қаласындағы «Medi TEC-NS» ЖШС филиалының сынақ зертханасы, 2025 жылғы 03 шілдедегі № KZ.T.16.2913 аккредиттеу аттестаты.
8. «ҰАО» РМК Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі шарттар жасассын.
9. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
10. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК интернет-ресурста орналастырсын.
11. Осы бұйрықтың 8-тармағының орындалуын бақылау аппарат басшысы М.Б. Копабаевқа, 9 және 10-тармақтарының орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары М.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
12. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

