Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 361 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Атырау қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалы салыстырып тексеру зертханасының 2024 жылғы 7 ақпандағы № KZ.P.06.0205 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын «4» өлшем түрі бойынша бұрын жарамсыз деп танылған аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңартылсын.
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК Бас директорының орынбасары А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

