Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 56-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қарағанды қ., «YDD Corporation» (УайДиДи Корпорейшн) ЖШС сынақ зертханасының 2021 жылғы 30 маусымдағы № KZ.T.10.E0482 аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынсын.
2.«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3.«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектісіне жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК Бас директорының орынбасары А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

