«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 252300610000005 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы «САПСАН» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № KZ.P.06.E0132 аккредиттеу аттестатының қолданылуын 04, 13 өлшем түрлері бөлігінде 2026 жылғы 12 маусымға дейін тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

