«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Көкшетау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 18 қарашадағы № 1111-25-00-3ж/167 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы «Тепломера» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № KZ.P.03.E0176 аккредиттеу аттестатының «Аква» үлгісіндегі су есептегіштерін салыстырып тексерудің МИ 1592-2015 әдістемесінің қолданылуы бөлігінде 2026 жылғы 15 сәуірге дейін тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

