«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі сотының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 7120-25-00-3/31130, Астана қаласы Сотының 2025 жылғы 9 қазандағы № 7199-25-3а/1184 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы Астана филиалы салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 16 шілдедегі №KZ.P.01.0833 аккредиттеу аттестатының «06 - қозғалыс параметрлерін өлшеу» түрі бойынша аккредиттеу саласы бөлігінде қолданылуын 2026 жылғы 09 сәуірге дейін тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

