Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 10 қарашадағы № 58 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «Дорпроект-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Алматы өңірлік филиалы Ұйғыр аудандық ветеринариялық зертханасының сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «ИнДорТех» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
4) Алматы қ., «Электромагниттік және хабарлар жүйелерінің қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
5) Алматы қ., «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының металлургиялық процестер, жылу техникасы және ұнтақты металлургия зертханасы (МПЖТжҰМЗ).
6) Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы, «Жаңа-Есіл Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
7) Актау қ., «ПЛ S-Kaz Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
8) Астана қ. , «SANAS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
9) Павлодар қ., «Алюминий Казахстана» акционерлік қоғамының калибрлеу зертханасы.
2. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізуді қамтамасыз ететін органдарға қойылатын талаптар. 1-бөлім. Талаптар» талаптарына сәйкес Орал қ., «Ekspert Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
3. ҚР СТ ISO 15189-2023 «Медициналық зертханалар Сапасы мен құзыреттілігіне қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ., «Open Healthcare Kazakhstan (Оупен Хэлскэйр Казахстан)» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің клиникалық-диагностикалық зертханасының медициналық зертханасы аккредиттелсін.
4. ҚР СТ ISO 17034-2020 «Стандартты үлгілерді өндірушілердің құзыретіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Өскемен қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан филиалының стандартты үлгілерін өндіруші аккредиттелсін.
5. Келесі акредиттелген субьектілерінің аккредиттеу салаларының кеңеюіне байланысты:
1) Алматы қ., «Scientia Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының 25.07.2024 жылғы № KZ.P.02.1485,
2) Астана қ., «Metrological Еxpert» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің калибрлеу зертханасының 28.03.2023 жылғы № KZ.K.01.2495 аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін.
6. Келесі акредиттелген субьектілерінің аккредиттеу салаларының қысқаруына байланысты:
1) Қызылорда қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалының сынақ зертханасының 15.01.2026 жылғы № KZ.T.12.0408,
2) Степногорск қ., «Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық зауыт зертханасының 25.07.2022 жылғы № KZ.T.03.E1231,
3) Алматы қ., «Ecology Expert (Эколоджи Эксперт)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аналитикалық зертханасының 11.04.2024 жылғы № KZ.T.02.0254 аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін.
7. Аккредиттеу субъекттің орналасуының Атырау қаласы, Балықшы шағын ауданы, Қаршымбай Ахмедияров көшесі, 30А жаңа нақты мекенжайына өзгеруіне байланысты Центр Сертификации «Батыс Серт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының 17.08.2021 жылғы № KZ.Q.06.E0402 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
8. Келесі:
1) Қарағанды қ., «ГеоПро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының 28.02.2025 жылғы № KZ.P.10.2836 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын «01 өлшем түрі» бойынша бұрын жарамсыз деп танылған,
2) Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «МедРемСтандарт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының 27.05.2025 жылғы № KZ.P.08.0700 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын «01, 09, 16 өлшем түрлері» бойынша бұрын жарамсыз деп танылған аккредиттеу салаларының бөліктері қайта жаңартылсын.
9. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне келесі төменде көрсетілген аккредиттелген субъекттері еңгізілсін:
1) Алматы қ., «Дорпроект-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Алматы қ., «ИнДорТех» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «Электромагниттік және хабарлар жүйелерінің қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы.
10. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1-4 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
11. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
12. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
13. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 10-тармақ бойынша - Аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 11 және 12 тармақтар бойынша - бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа жүктелсін.
14. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

