«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Ақмола облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 261100610000011 қаулысымен және Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2026 жылғы 08 қыркүйектегі № 1111-26-00-3ж/180 қаулысымен, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне «Каз Агро Сараптама» ЖШС-ға ауыл шаруашылығы дақылдарының дәнін ботқа бойынша қышқылдығын анықтау әдісі және тұқымдардың тіршілік қабілеттілігін анықтау әдісі бойынша аккредиттеу саласында 2021 жылғы 17 қыркүйекте берілген KZ.T.03.E0540 аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылдың 21 қазанынан бастап 2027 жылдың 21 сәуіріне дейін 6 ай мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

