«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 263100610000010 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне «Жамбылхимстрой» ЖШС-ға берілген KZ.T.08.E1252 аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылдың 26 тамызынан бастап 2027 жылдың 26 ақпанына дейін 6 ай мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
