«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2026 жылғы 17 шілдедегі № 267500610000070 қаулысына және Алматы қалалық сотының 2026 жылғы 15 қазандағы № 7599-26-00-3а/1280 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Алматы филиалына берілген KZ.O.01.0317 аккредиттеу аттестатының қолданылуын (оның ішінде 102–107-тармақтарды қоса алғанда, «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері (мейрамхана, кафе, асхана, бар, дәмхана және басқа да кәсіпорындар түрлері)» қызмет түрінің кіші түрі бөлігінде) 2026 жылғы 15 қазаннан бастап 2027 жылғы 9 наурызға дейін 6 ай мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

