Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 17 ақпандағы № 6-О хаттамасы негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
-
Алматы қ., «Центр радиационных услуг» ЖШС-ның 14.08.2023 жылғы № KZ.T.13.2564 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
-
«ҰАО» РМК мониторинг және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілері тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
-
«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда аталған аккредиттеу субъектілеріне хабардар етсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

