«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 25 тамыздағы № 3580-25-00-3/11344 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы № KZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының иесі «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Қарағанды филиалына аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылғы 9 қыркүйектен 2027 жылғы 9 наурызға дейін, 6 ай мерзімге дейін тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
