«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармақтың 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1.Мониторингтеу және талдау департаментіне «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы» РММ сынақ зертханасының 2020 жылғы 23 қантардағы № KZ.T.01.2301 аккредиттеу аттестаты 2023 жылдың 21 маусымыға дейін тоқтату туралы тиісті ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК -ң веб-сайтына орналастырсын.
2.Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру туралы аккредиттеу субъектісіне хабарлама жіберсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары М.К. Айтышевке жүктелсін.
4.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

