Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 11 ақпандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 22 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымның салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін:
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистарльдық желі бөлімшесі» филиалының Шу электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы, Шу қ.;
«ЦЕННЕР ВАЛЬГЕРТи К» БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар қ.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«АДС САПА» ЖШС сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.
2.2 Келесі аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«Т-СТАНДАРТ» ЖШС өнім және қызмет сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.
2.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС – ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ сынақ орталығы, Орал қ.;
«Каз Агро Сараптама» ЖШС сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«СОКОЛОВ-САРЫБАЙ КЕН БАЙЫТУ ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ» АҚ сынақ зертханасы, Рудный қ.;
«QHSE-Akbarys» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Орал қ.;
«ГАЗМОНТАЖПОВЕРКА» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Петропавловск қ.
3. «ҰАО» ЖШС Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, «е-Аккредиттеу» ақпараттық жүйесінен тыс қарастырылған құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

