«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімін 2026 жылғы 5 қарашадан бастап қайта аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін, бірақ 2027 жылғы 5 ақпаннан аспайтын мерзімге ұзартылсын:
1) Орал қ., «ДСК Приоритет» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.09.E0676 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «НЦ «Каз Энерго Стандарт» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.P.02.Е0655 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 5 қарашадан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

