«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 26 желтоқсаннан 2025 жылғы 26 наурызға дейін ұзартылсын:
1) Қарағанды қ., «Гормонтажпроект» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.10.2291 аккредиттеу аттестаты;
2) Астана қ., «Эко-Аналит» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.01.1560 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «Молекулярлы медицина орталығы» ЖШС медициналық зертханасының № KZ.M.02.2294 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру департаменті осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары А. Хасеновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

