Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22 бабының 7 тармағына сәйкес «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 30 қазандағы № 56/1 хаттамасының 3 тармағы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Павлодар қ., «Алюминий Казахстана» Акционерлік қоғамының орталық зертханасының аккредиттеу саласы қысқаруына байланысты 24.06.2024 жылғы № KZ.T.14.0283 аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тартылсын.
2. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-тармақ бойынша - бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа, 3-тармақ бойынша - Аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

