«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімін 2026 жылғы 3 қарашадан бастап қайта аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін, бірақ 2027 жылғы 3 ақпаннан аспайтын мерзімге ұзартылсын:
1) Аягөз қ., «Қамқор Вагон» ЖШС «Аякөз вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбай бақылау цехінің сынақ зертханасының № KZ.T.17.E0660 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «ҚазОңтүстікқұрылыссертиф» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.E0653 аккредиттеу аттестаты;
3) Тараз қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының сынақ орталығының № KZ.T.08.E0663 аккредиттеу аттестаты;
4) Ақтөбе қ., «NDT Academy» ЖШС персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.S.05.E0647 аккредиттеу аттестаты;
5) Ақсу қ., «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.14.E0659 аккредиттеу аттестаты;
6) Алматы қ., «ЭТАЛОН-ХХІ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.02.E0662 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 3 қарашадан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

