Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ 2024 жылғы 19 желтоқасндағы № 320 Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі медициналық зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «Нұрлаб-2030» ЖШС-ң медициналық зертханасы;
2) Шымкент қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Шымкент қалалық бөлімшесінің Түркістан облысы бойынша медициналық зертханасы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Батыс Қазақстан обылысы, Бәйтерек ауданы, Дарьинское ауылы, Батыс Қазақстан обылысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Байтерек №1 аудандық бөлімшесінің филиалының сынақ зертханасы;
2) Алматы қ., «СПЕЦИАЛИЗИРОВАННЫЙ ЭКСПЕРТНЫЙ ЦЕНТР «КАЗПРОФ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Степногорск қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Степногорск қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы;
4) Алматы қ., «Алматы Су» ШЖҚ МКК химия-бактериологиялық зертханасының сынақ зертханасы;
5) Ақсай қ., ИПЦ «Gidromet Ltd» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
6) Тараз қ., «STANDART SERVIS-M» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
7) Қызылорда қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» РММ сынақ зертханасы;
8) Атырау қ., «NOVA LLP» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
9) Алматы қ., «Центр стандартизации и сертификации» ЖШС-ң сынақ орталығы;
10) Талдықорған қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Талдықорған филиалының сынақ орталығы;
11) Ақтөбе қ., «Парасат-2050» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
12) Щучинск қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы Бурабай аудандық бөлімшесінің Ақмола облысы бойынша сынақ орталығы;
13) Көкшетау қ., «СТАНДАРТ COMPANY» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Алматы қ., «ИНВИТРО-Казахстан» медициналық зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. «ҰАО» РМҚ Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
6. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары А. М. Хасеновке жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

