«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 24 қарашадағы № 252300610000004 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін:
Атырау қаласындағы «Aktobe Gas Innovations» ЖШС филиалы салыстырып тексеру зертханасының 2024 жылғы 29 наурыздағы № KZ.P.06.2197 аккредиттеу аттестатының қолданылуы 2026 жылғы 04 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

