«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 7 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 наурызға дейін ұзартылсын:
1) Ақтөбе қ., «Ремонтно-метрологический центр» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.05.1032 аккредиттеу аттестаты;
2) Атырау қ., «ЗаманКвантор» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.06.0912 аккредиттеу аттестаты;
3) Қарағанды қ., «ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды мұнай құбыры басқармасы салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.10.1626 аккредиттеу аттестаты;
4) Астана қ., «Фирма Торговая палата» ЖШС өнім мен қызметтердің сәйкестігін растау органының № KZ.О.01.0841 аккредиттеу аттестаты;
5) Балқаш қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Сапаны басқару дирекциясының «Қазмыс Сервис» мамандандырылған кәсіпорны Балқаш өңірі өлшеу құралдары цехының өлшеу құралдарын салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.10.0862 аккредиттеу аттестаты;
6) Ақтөбе қ., «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қоршаған ортаны қорғау зертханасының № KZ.T.05.0664 аккредиттеу аттестаты;
7) Ақтөбе қ., «Ремонтно-метрологический центр» ЖШС калибрлеу зертханасының № KZ.K.05.1667 аккредиттеу аттестаты;
8) Семей қ., «Шығыс Қазақстан ұн тарту-құрама жем комбинаты» АҚ сынақ орталығының № KZ.T.17.0230 аккредиттеу аттестаты;
9) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімі сынақ зертханасының № KZ.T.05.0764 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 7 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

