«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 19 желтоқсаннан 2025 жылғы 19 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.12.0382 аккредиттеу аттестаты;
2) «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.14.0338 аккредиттеу аттестаты;
3) Қарағанды қ., «Уголь» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.10.0560 аккредиттеу аттестаты;
4) Қарағанды қ., «Азимут Геология» ЖШС химия аналитикалық зертханасының № KZ.T.10.0379 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру департаменті осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары А. Хасеновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

