«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Талдықорған филиалы салыстырып тексеру және метрологиялық өлшемдер бөлімі салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 27 қарашадағы № KZ.P.04.0775 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 27 қарашадан 2026 жылғы 27 ақпанға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 27 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

