Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 29 қазандағы № 56 (СБКТС) хаттамасының 1, 2 тармақтары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін және аталған ұйымдар ЕАЭО сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне енгізілсін:
1) Алматы облысы, Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округі, Көктал ауылы «A-standard certification» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Атамекен ауылдық округі, «Ocean Sert» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы.
2. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
3. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
4. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-тармақ бойынша - Аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 3 және 4 тармақтар бойынша - бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

