Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ 2024 жылғы 13 желтоқасндағы № 314 Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ., «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органның филиалы, аккредителсін.
2. ҚР СТ ISO 15189-2023 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Тараз қ., «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК-ң медициналық зертханасы аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Семей қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Абай облысы бойынша филиалының сынақ орталығы;
2) Астана қ., «ASTANA STROY CONTROL» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Ақсай қ., «Везерфорд Ойлфилд Сервисез» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Ақтау қ., «Тандем-Эко» сынақ зертханасы;
5) Атырау қ., «Атырау жолдары» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
6) Ақтау қ., «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС-ң радиациялық технологиялар және техникалық диагностика орталығының сынақ зертханасы;
7) Қарағанды қ., «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ң сынақ зертханасы;
8) Қарағанды қ., «БиоСфера Қазақстан» «ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС сынақ зертханасы.
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Алматы қ., «QAZ EXPERT SM» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы;
2) Алматы қ., «QAZ EXPERT SM» ЖШС калибрлеу зертханасы;
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Тараз қ., «ТАРАЗ-ЭКО-ПРОЕКТ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Астана қ., «Центр сертификации и экспертизы «ТЕСТ» ЖШС-ң сынақ зертханасының.
6. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қ., Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы Күршім ауданы, Күршім ауылы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Алтай ауданы бөлімшесінің (Алтай ауданының бөлімшесі, Катонқарағай аудандық бөлімшесі, Күршім аудандық бөлімшесі), сынақ орталығынан / Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласы, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Күршім аудан, Күршім ауылы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Алтай аудандық бөлімшесінің (Алтай аудандық бөлімшесі, Үлкен Нарын аудандық бөлімшесі, Күршім аудандық бөлімшесі) сынақ орталығына аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
7. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қ. ДСБ «Қалалық ревматологиялық орталығы» ШЖҚ КМК медициналық зертханасының;
2) Атырау қ., «КМГ ИНЖИНИРИНГ» ЖШС-ң Атырау филиалының сынақ орталығының;
3) Ақтөбе қ., «Aktobe Gas Innovation» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
8. «ҰАО» РМҚ Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
9. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
10. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
11. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары А. М. Хасеновке жүктелсін.
12. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

