Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 22 қазандағы № 35-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
- Астана қ., Алматы қ., Ақтөбе қ., «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығы салыстырып тексеру зертханасының 15.05.2025 жылғы № KZ.P.01.0432 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын, Ақтөбе және Астана қалаларында орналасқан аккредиттеу субъектісінің құрылымдық бөлімшелеріне қатысты «өлшемдердің 15 және 16 түрі» бойынша аккредиттеу облысының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
- «ҰАО» РМК-ның мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
- «ҰАО» РМК-ның цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
- Аккредиттеу жөніндегі комиссияның хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда аталған аккредиттеу субъектісіне хабарласын.
- Осы бұйрықтың 2–3-тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын, 4-тармақтың орындалуы «ҰАО» РМК аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

