«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 21 ақпаннан 2023 жылғы 21 мамырға дейін ұзартылсын:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Қазалы (Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария) аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасының № № KZ.T.12.2026 аккредиттеу аттестаты;
2) Қызылорда облысы, «СКЗ-U» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.12.1346 аккредиттеу аттестаты;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының медициналық зертханасының № KZ.M.08.2030 аккредиттеу аттестаты;
4) «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалының калибрлеу зертханасының № KZ.K.14.2028 аккредиттеу аттестаты;
5) Қазақстан Республикасы Сауда жəне интеграция министрлігі Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалының калибрлеу зертханасының № KZ.K.07.2029 аккредиттеу аттестаты;
6) Қазақстан Республикасы Сауда жəне интеграция министрлігі Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.07.1347 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

