«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімін 2026 жылғы 21 қазаннан бастап қайта аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін, бірақ 2027 жылғы 21 қаңтардан аспайтын мерзімге ұзартылсын:
1) Астана қ., «Baltic Control KZ Certification» /Балтик Контрол КЗ Сертификейшн/ ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.01.E0599 аккредиттеу аттестаты;
2) Ақтөбе қ., «Eco Project Company» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.05.E0602 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығы» АҚ өрт сынақ зертханасының № KZ.T.02.E0600 аккредиттеу аттестаты;
4) Павлодар қ., «Алюминий Казахстана» АҚ калибрлеу зертханасының № KZ.P.14.E0665 аккредиттеу аттестаты;
5) Тараз қ., Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының сынақ зертханасының № KZ.T.08.E0608 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 21 қазаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

