Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 20 қазандағы № 52 (СБКТС) хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Ақтөбе қ., «KZ Today 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы аккредиттелсін және ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімі бойынша ұлттық бөлігіне енгізілсін.
2. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
3. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
4. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 3 және 4 - тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
