Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 362 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың медициналық зертханалары аккредиттелсін:
1) Орал қ., «Медицинский центр» ЖШС-ң орталықтандырылған медициналық зертханасы;
2) Алматы қ., «ИНВИТРО-Қазақстан» ЖШС-ң клиникалық- диагностикалық зертханасының медициналық зертханасы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Астана қ., «NDT Инжиниринг» ЖШС инспекциялық органы, аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Қарағанды қ., Қарағанды облысы бойынша «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасы;
2) Жаңаөзен қ., «Бургылау» ЖШС-ң тампонаждық ерітінді бойынша сынақ зертханасы;
3) Астана қ., Астана қаласындағы «MediTEC-NS» ЖШС филиалының сынақ зертханасы;
4) Орал қ., «METROLOG COMPANY» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
5) Орал қ., «METROLOG COMPANY» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
6) Астана қ., «BigLab» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
7) Павлодар қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Павлодар филиалының калибрлеу зертханасы;
8) Қарағанды қ., «EcoProf KZ» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
9) Алматы қ., «Центр подтверждения соответствия продукции» ЖШС-ң сынақ орталығы.
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Қарағанды қ., «Омега-2» ӨК-ң салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Павлодар қ., «Региональный Научно-Практический Центр «Система» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Ақтау қ., «Маңғыстау облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ МКК-ң медициналық зертханасынан / Ақтау қ., Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық АИВТ инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК медициналық зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. Нормативтік құжаттардың ҚР СТ ISO 50003-2022 «Энергетикалық менеджмент жүйесі. Энергетикалық менеджмент жүйелерінің аудитін және сертификаттауын жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» талаптарына өзгеруіне байланысты Астана қ., «Центр сертификации «Астана Менеджмент» менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
8. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
9. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Хамитов И. В. жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1590-ОД 08.12.2023 жылғы. Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

