«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармақтың 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1.Мониторингтеу және талдау департаментіне «Мангистауметросервис» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының 2021 жылдың 18 қазандағы № KZ.P.13.E0598 аккредиттеу аттестаты 2023 жылдың 02 маусымыға дейін тоқтату туралы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК -ң веб-сайтына орналастырсын.
2.Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру туралы аккредиттеу субъектісіне хабарлама жіберу.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Н.Т. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
4.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

