Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 20 қарашадағы № 354 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтау қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалы салыстырып тексеру зертханасының 2024 жылғы 29 наурыздағы № KZ.P.13.0242 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын «10» өлшем түрі бойынша бұрын жарамсыз деп танылған аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңартылсын.
2.«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3.«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК Бас директорының орынбасары А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

