«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 27 қарашадан 2026 жылғы 27 ақпанға дейін ұзартылсын:
1) Шымкент қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.16.0789 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «Оптиктелеком СтройСервис» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.02.1122 аккредиттеу аттестаты;
3) Түркістан облысы, «Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны «КАТКО»» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.19.0854 аккредиттеу аттестаты;
4) Павлодар қ., «Павлодар қаласының Бірыңғай есеп айырысу орталығы» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.14.0860 аккредиттеу аттестаты;
5) Жезқазған қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Сапаны басқару дирекциясының «Қазмыс Сервис» мамандандырылған кәсіпорны Жезқазған өңірі өлшеу құралдары цехының өлшеу құралдарын салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.10.0907 аккредиттеу аттестаты;
6) Талдықорған қ., «Кайнар-АКБ» ЖШС бақылау-сынақ зертханасының № KZ.T.04.0407 аккредиттеу аттестаты;
7) Алматы қ., «Ө.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС химиялық-аналитикалық зерттеулер сынақ зертханасының № KZ.T.02.0782 аккредиттеу аттестаты;
8) Алматы қ., «AG Plus» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.2399 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 27 қарашадан бастап күшіне енеді.

