«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімін 2026 жылғы 18 қазаннан бастап қайта аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін, бірақ 2027 жылғы 18 қаңтардан аспайтын мерзімге ұзартылсын:
1) Павлодар қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалының қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргізетін сынақ зертханасының № KZ.T.14.E0587 аккредиттеу аттестаты;
2) Степногорск қ., «Астана-Нан» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.03.E0588 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «ИнДорТех» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.E0586 аккредиттеу аттестаты;
4) Ақтау қ., «Мангистауметросервис» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.13.E0598 аккредиттеу аттестаты;
5) Өскемен қ., «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.07.E0611 аккредиттеу аттестаты;
6) Маңғыстау облысы, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС орталық зауыттық зертханасының № KZ.T.13.E0606 аккредиттеу аттестаты;
7) Шымкент қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының калибрлеу зертханасының № KZ.K.16.1797 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 18 қазаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

