«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қарағанды қ., «ARDCON (АРДКОН)» ЖШС металдарды бақылау және балқытып біріктіру сынақ зертханасының және мобильдік сынақ зертханасының № KZ.T.10.1979 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 5 желтоқсаннан 2023 жылғы 5 наурызға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

