Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Центр сертификации «Национальный стандарт» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 14.06.2021 жылғы № KZ.Q.09.E0310 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Эталон-Актау» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 28.03.2023 жылғы № KZ.P.13.2491 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментіне үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
