«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау департаменті аккредиттеу аттестаттарының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін:
1) 26.10.2022 жылғы № KZ.T.03.E1356 «Безопасность продукции» ЖШС сынақ зертханасының 2025 жылғы 20 мамырға дейін;
2) 15.09.2023 жылғы № KZ.Т.01.2574 «Expert Laboratory» ЖШС сынақ зертханасының 2025 жылғы 20 мамырға дейін;
3) 23.04.2020 жылғы № KZ.P.17.0413 салыстырып тексеру зертханасының «ҰК ҚТЖ «Магистральдық желінің Семей бөлімшесі - «Семей сигнал беру және байланыс қашықтығы» АҚ филиалының 2025 жылғы 13 мамырға дейін.
2. Тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары А. М. Хасеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

