Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ 2024 жылғы 29 қарашадағы № 301 Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Павлодар қ., «Монтажно - Ремонтное предприятие «Гарант – Сервис» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Ақтау қ., «TehcnoLab» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «ГеоСтройИнвест» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Алматы қ., «KAZ Certificate» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
2) Қарағанды қ., «КАРАГАНДИНСКОЕ ВАГОНОРЕМОНТНОЕ ДЕПО» «ҚАМҚОР ВАГОН» ЖШС-ң филиалының сынақ зертханасының.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Қызылорда қ., «DANA ENGINEERING» сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. Аккредиттеу субъектісінің мекенжай атауының өзгеруіне байланысты Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қ., ИПЦ «Gidromet Ltd» ЖШС-ң сынақ зертханасының.
5. «ҰАО» РМҚ Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
7. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары А. М. Хасеновке жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

