Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2025 жылғы 20 қарашадағы №354 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «NGKLAB» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес аккредиттелсін.
2. «ҰАО» РМК Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі шарттар жасассын.
3. «ҰАО» РМК Мониторинг және талдау басқармасы тиісті ақпаратты Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
4. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК интернет-ресурсында орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуын бақылау аппарат басшысы М.Б. Копабаевқа, 3 және 4-тармақтарының орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары М.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

