Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 28 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 725 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «Элесар» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Алматы қ. аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «YARD-consult» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
2) «Standard» Талдауды бағалау палатасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.
3) «Проливная Система» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты «Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Бұзылмайтын бақылау жөніндегі аттестаттау орталығы» жеке мекемесі, персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның Қарағанды қ.;
2) «KAZAUTOCERT» ЖШС-ң сынақ орталығы, Алматы қ.;
5. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша экология департаменті» РММ-ң сынақ зертханасы, Түркістан қ.;
2) «Автосерт Қазақстан» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.
6. Атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана «шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облыстық филиалы» Үржар аудандық ветеринариялық зертханасының сынақ зертханасы, Семей қ.;
2) «Степногорск подшипник зауыты» АҚ-ң сынақ орталығы, Степногорск қ.;
7. Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты «АЗДИ» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
8. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
9. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

