Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2022 жылғы 9 ақпандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 88 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «Атырау қаласы және Атырау облысы интертич отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы» жеке мекемесі, Атырау қаласы аккредиттелсін;
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелсін:
«QC-Services» ЖШС сынақ зертханасы (жылжымалы), Алматы қаласы;
«Qolik sertif Almaty» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қаласы;
«Тұлпар» автотехникалық құралдардың мамандандырылған сынақ орталығы» ЖШС сынақ зертханасы, Павлодар қаласы;
«Зенит» Орал зауыты» АҚ орталық зауыт зертханасы, Орал қаласы.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
3.1. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«KAZAUTOCERT» ЖШС сынақ орталығы, Алматы қаласы;
«Қазэкспоаудит» ЖШС сынақ орталығы, Алматы қаласы;
3.2. «AgroЭксперт-AS» ЖШС сынақ-тұқымдық зертханасын аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты, Тараз қаласы.
3.3 «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының сынақ зертханасы / «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының сынақ зертханасының атауы өзгеруіне байланысты.
3.4. «Фирма Торговая палата» ЖШС сынақ орталығы мекен-жайының өзгеруіне байланысты, Нұр-сұлтан қаласы.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1,2 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. Ұлттык аккредиттеу орталыгы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 155-ОД 10.02.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

