Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы» Бас директордың орынбасарының 2026 жылғы 01 қазандағы № 1466-ОД бұйрығына өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
««S&T-STANDART» ЖШС сынақ зертханасының 2022 жылғы 22 тамыздағы KZ.T.13.E1254 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.»
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
