Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 18 қарашадағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 723 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «Қазлифтэкспертиза» ЖШС-ң инспекциялық органы, Нұр-Сұлтан қ. аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015. «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың зертханалары аккредиттелсін:
1) «КДЛ ОЛИМП» ЖШС-ң Қарағанды филиалының «ОЛИМП» медициналық зертханасы / клинико-диагностикалық зертханасы, Қарағанды қ.;
2) «Alatau Clinic» ЖШС-ң медициналық зертханасы / ПТР зертханасы, Алматы қ.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Сертификаттау және метрология орталығы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
2) «Алтын Керемет Сервис» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
3) Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының сынақ зертханасы, Қостанай қ.;
4) «АСП консалтинг» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қ.;
5) Оңтүстік Орал темір жолының Вагон депосы Петропавл бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі-«Ресей темір жолдары» ашық АҚ филиалының, салыстырып тексеру зертханасы Петропавл қ.;
6) Оңтүстік Орал темір жолының Локомотив депосы Петропавл бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі-«Ресей темір жолдары» АҚ филиалының, салыстырып тексеру зертханасы Петропавл қ.;
7) «ЭкоМетр» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар қ.;
8) «ENBEK Group KAZAKHSTAN» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Ақмола филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Көкшетау қ.;
2) «Гормонтажпроект» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қарағанды қ.
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Алға салыстырып тексеру зертханасы» ЖШС-ң, салыстырып тексеру зертханасы Шымкент қ.
2) «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ң ЦИТС сынақ зертханасы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Әлібекмола кен орны;
3) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Қостанай филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Қостанай қ.
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының біліктілікті тексеру провайдері, Қызылорда қ.;
5) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Нұр-Сұлтан қ.;
6) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Алматы филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Алматы қ.
6. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты «Азиялық экологиялық - аудиторлық компания» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. Атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін
1) «ARISE Kazakhstan» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау қ.;
2) «Жүйе «өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Павлодар қ.;
3) «Industrial NDT» ЖШС-ң (стационарлық және мобильді) сынақ зертханасы, Атырау қ.
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалының сынақ зертханасы, Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қ.
8. Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты Нұрқазған байыту фабрикасы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң сынақ зертханасы / химия зертханасы, Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Баймырза ауылы, Баймырза ауылы. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
9. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
10. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
11. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
12. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

