«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі сотының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 7528-25-00-3/30099, Алматы қалалық сотының 2025 жылғы 6 қарашадағы № 3а/1056 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы «Ивена» ЖШС сынақ зертханасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № KZ.T.02.2623 аккредиттеу аттестатының N1, N2, N3, M1 санаттарындағы жекелеген көлік құралдарына қойылатын талаптардың орындалуын тексеру бойынша жұмыстарды жүргізу қызметінің кіші түрін, «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының ТР ТС 018/2011 Техникалық регламентіне сәйкестігін (аккредиттеу саласына толықтыру) 2026 жылғы 06 мамырға дейін тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

