«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 11 ақпаннан 2025 жылғы 11 мамырға дейін ұзартылсын:
- Қарағанды қ., «SPACE» (СПЭЙС) ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.10.1539 аккредиттеу аттестаты;
- Түркістан облысы, «Д.А.С.-Контроль-Сервис» ЖШС жылжымалы сынақ зертханасының № KZ.T.16.0304 аккредиттеу аттестаты;
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.05.0401 аккредиттеу аттестаты.
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК)
- Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
- Қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
-
«ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі
- Осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау
- «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

