«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 29 қарашадан 2024 жылғы 29 ақпанға дейін ұзартылсын:
1) Ақтау қ., «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2018 жылғы 29 қарашадағы № KZ.Q.13.0194 аккредиттеу аттестаты;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының медициналық зертханасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № KZ.M.05.2165 аккредиттеу аттестаты;
3) Атырау қ., «Қазақтың мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС аналитикалық зерттеу департаментінің сынақ зертханасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № KZ.T.06.0273 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Хамитов И.В. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
