Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 29 қарашадағы № 351 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Атырау қ., «КазНИГРИ» ЖШС-ң зертханалық-талдамалық зерттеулер департаментінің сынақ зертханасы;
2) Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ кенті, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ң сынақ орталығы;
3) Ақтөбе қ., «STEP-MS» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Орал қ., «ПРОМКОНТРОЛСЕРВИС» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Алматы қ., «KAZAUTOCERT» ЖШС-ң сынақ орталығының.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
4. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Хамитов И. В. жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1527-ОД 29.11.2023 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

