Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 5 қазандағы № 50 (СБКТС) хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Орал қ., «АвтоСерт-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Шымкент қ., «Серт-Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
3) Ақтөбе қ., «Центр Безопасности Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
4) Алматы қ., «Ғылыми-Зерттеу Орталығы» Алматы-Стандарт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ орталығы.
2. ЕАЭО сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне Алматы қ., «Ғылыми-Зерттеу Орталығы» Алматы-Стандарт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ орталығы жөніндегі мәліметтерді өзектендіру.
3. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне:
1) Орал қ., «АвтоСерт-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы,
2) Шымкент қ., «Серт-Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы енгізілсін.
4. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
5. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
6. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 4-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 5 және 6 - тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

