Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 6 қазандағы № 50 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Қостанай қ., «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының физика-химиялық зерттеулер және материалтану сынақ зертханасы;
2) Атырау қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
3) Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ұлытау облысы бойынша филиалының Жаңаарқа аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы;
4) Ақтөбе қ., «Ақтөбе» аймақтық индустриалды технопаркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ орталығы;
5) Алматы қ., «QS Azia Sertik» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ орталығы;
6) Қызылорда қ., «Орда S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің стационарлық/жылжымалы сынақ зертханасы;
7) Алматы қ., «Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамының «Көмірсутектік және кен-металлургиялық секторлар және олармен байланысқан қызмет көрсету салалары үшін технологиялар» басым бағыт бойынша ұжымдық қолданыстағы Ұлттық ғылыми зертханасы;
8) Петропавл қ., Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының табиғи ортаның ластануын бақылайтын кешенді зертханасы;
9) Түркістан қ.; Ақсукент қ.; Шымкент қ., «Айгерим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттайтын органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «Ғылыми-Зерттеу Орталығы» Алматы-Стандарт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
2) Алматы қ., «Өнімдер, қызмет сертификаттау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Ақмола обл., Ақкөл ауд, Ақкөл қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалының Ақкөл аудандық бөлімшесінің сынақ орталығының 18.03.2024 жылғы № KZ.T.03.2672 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. ЕАЭО сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне Алматы қ., «Ғылыми-Зерттеу Орталығы» Алматы-Стандарт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы жөніндегі мәліметтерді өзектендіру.
5. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне:
1) Актобе қ., «Испытательный центр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ұлытау облысы бойынша филиалының Жаңаарқа аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы;
3) Алматы қ., «QS Azia Sertik» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ орталығы енгізілсін.
6. Атырау қ., «Ескерткіш Қызмет Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының 06.03.2023 жылғы № KZ.P.06.1358 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын өлшемдердің «04 түрі» бойынша аккредиттеу саласының уақытша жарамсыз деп танылған бөлігі жаңартылсын.
7. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1, 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
8. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
9. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 7-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 8 және 9 - тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

