Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 24 қарашадағы № 350 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Ақтау қ., «ГеоАналитика Сервис» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2)Атырау қ., «ЗаманКвантор» ЖШС-ң бұзбайтын бақылау сынақ зертханасы;
3)Ақтау қ., «Каспий» тұшытқыш зауыты» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4Алматы қ., «Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институты» ЖШС-ң кологиялық мониторингтің сынақ зертханасы;
5) Орал қ., «Жана Консалтинг ЛТД» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
2.ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Ақтөбе қ., «WestKazControl» ЖШС-ң инспекциялық органы аккредиттелсін.
3.ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың медициналық зертханалары аккредиттелсін:
1)Қостанай қ., «QazGene» ЖШС Қостанай филиалының ПТР- зертханасының медициналық зертханасы;
2)Қостанай қ., «МЫРЗА-ХАН» ЖШС Қостанай филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасы.
4.Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Қызылорда қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» РММ-ң зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ орталығының;
2) Тараз қ., «Тараз -көлік жолы» ЖШС-ң сынақ зертханасының.
5.Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Қарағанды қ., «GIO TRADE» ЖШС-ң сәйкестікті растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
6.Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1)Өскемен қ., Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасынан / Өскемен қ., Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары Комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы;
2)Ақтөбе қ., «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өлшеу құралдарын тексеру / калибрлеу жөніндегі зертханасының салыстырып тексеру зертханасынан / Ақтөбе қ., «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу жөніндегі зертханасының салыстырып тексеру зертханасына;
7.Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1)Атырау қ., «Kazakhstan Research and Development» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС мобильді (жылжымалы) сынақ зертханасының;
2)Астана қ., «NDT CERT» ЖШС-ң персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органының;
3) Алматы қ., «Greenesta» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
4)Атырау қ., «KAZ-NDT-SERVICE (КАЗ-НДТ-СЕРВИС)» ЖШС-ң техникалық диагностика және бұзбайтын бақылаудың жылжымалы сынақ зертханасының.
8.Аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастырылуына байланысты Астана қ., «CertExAudit» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органынан / Астана қ., «ISO Partners» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
9.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
10.Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
11.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
12.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

